ОҚО ауыл шаруашылығы өнімі бойынша жақсы нәтиже көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылы 522 397 млн теңгені құрап, екі пайызға артты. Нәтижесінде оңтүстік өңір республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі бойынша 2 орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабековтың сөзінше, мал шаруашылығы 4,2 пайызға көбейіп, өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 858 458 млн теңгенің өнімі өндірілген.

«Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында - 181 098 млн теңге, өңдеу өнеркәсібінде - 585 740 млн теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 76 435 млн теңге және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша - 15 185 млн теңгенің өнімі өндірілді», -деді Айдар Ахметбекұлы.

Айта кетерлігі, республикадағы өнеркәсіп өнімінің үлесі бойынша 3,8 пайыз көрсеткішпен облыс 8-орынды, ал өсу қарқыны бойынша 11-орынды алып отыр.

Департамент басшысының айтуынша, өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны ағымдағы жылы 213 028 бірлікті құраған. Еліміз бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 13,8 пайызы оңтүстік өңіріне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар