ОҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде ауыс-түйіс орын алды. Бүгін облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары  лауазымына Төлеген Сәрсембаев тағайындалды , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Төлеген Қапсалықұлы 1968 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заңгер, гуманитарлық білім магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай»  оқу-тәжірибе шаруашылығының бухгалтері ретінде бастаған. 1992-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының қаржы-несиелік органдары мен валюталық бақылауды тексеру бөлімі басшысының орынбасары, валюталық бақылау бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Түркісіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ СК Алматы қаласы Бостандық ауданы Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Түркісіб ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша  Салық департаменттерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Павлодар облысы  бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Биыл мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының орынбасары болып қызмет етіп келді.

Соңғы жаңалықтар