Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті

ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті
2017 жылғы 11 қараша 12:27 467

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  Жұмат Шаниннің  125 жылдық мерейтойына арналған  «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу салтанатты кешіне келген қонақтармен кездесті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олардың қатарында театр тарланының туған немерелері «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы Болат Шанин, Райхан мен Жанат  Қасымханқыздары да бар.

ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті 

Кездесуде сөз алған өңір басшысы биыл облысымызда қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің 125 жылдығына орай  30-ға жуық мәдени  іс-шаралардың  жоғары деңгейде аталып өткенін жеткізді.

«Қазақ халқының  театр өнерін дамытуда  Жұмат Шанин атамыздың   еңбегі ұшан теңіз. Қазақтың біртума перзенті  ұлт театрының негізін қалап,  кәсіби  тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді.  Театр тарланының 125 жылдығына орай  ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігі тарапынан  іс-шаралар жоспары түзіліп, арнайы жұмысшы топ құрылған болатын. Биылғы жылдың сәуір айында Түркістан мен Шымкент қаласының театрларында «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркі әлемінің театрлар фестивалі өткізілді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Театр тарланының 125 жылдығына орай биыл облысымызда «Қазақ театрының атасы», «Театр тарланы»,  «Тұңғыш режиссер, драматург, театр қайраткері», «Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы», «Жарық жұлдыз - Жұмат Шанин», «Театр және көрермен» тақырыптарында  көрмелер, кездесулер өткізілген болатын.  Аталған іс-шараларда Жұмат Шаниннің өмір жолы, еңбек жолы, адам өміріндегі театрдың атқаратын рөлі  жайында кеңінен насихатталды. Осы іс-шараларға ерекше қолдау білдірген облыс әкіміне Жұмат Шаниннің  немерелері  шын ризашылығын білдірді.

«Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында атамыздың 125 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтуде. Көктемде өзіңіздің жеке қабылдауыңызда болып, іс-шаралар жоспары туралы ақылдасқан болатынбыз. Міне, бірнеше айдан соң сол айтылған, жоспарланған дүниелердің іске асып отырғанын көріп отырмыз. Осы ретте атамыздың мерейтойын өткізуге атсалысып, ерекше қолдау білдіргеніңіз үшін риясыз алғысымызды білдіреміз», - деді  Райхан Қасымханқызы.


ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті 

Кездесу соңында өңір басшысы Жұмат Шанин атамыздың немерелеріне арнайы сый-сияпат жасап, «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кешінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.   

Атап өту керек, Жұмат Шанин атындағы қала көшесінде ұлы тұлғаға арналған мемориалды тақтасының ашылу салтанаты  және театр сахнасында Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кеші өтеді.


ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті 

ОҚО әкімі Жұмат Шаниннің ұрпақтарымен кездесті 

 

Басты сөздер: Мәдениет, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер