ОКҚ былтыр журналистерді қызықтырған тақырыптарды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Анастасия Щегорцова 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Былтыр біздің алаңда 1 мыңға жуық спикердің қатысуымен 354 баспасөз мәслихаты өткізілді. 1 мыңға жуық спикерлердің ішінде орталық және жергілікті органдардың, ұлттық компаниялардың, ҮЕҰ басшылары мен бизнес, мәдениет және өзге де саланың өкілдері бар. Жалпы, ақпараттық материалдың жиынтығы баспасөз мәслихатының қорытындысы бойынша 35 мыңға жетті», - деді Анастасия Щегорцова ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Ол сонымен қатар, оқырман қауым мен БАҚ өкілдерін қызықтырған тақырыптарды атады.

«БАҚ өткен жылы латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшу, қазақ-қырғыз шекарасындағы өнімдердің қауіпсіздігі, жанар-жағармай жетіспеушілігі мәселесі, қаржы нарығындағы жағдай, сонымен қатар Илья Ильиннің спорттық жолдағы жоспары секілді тақырыптарға көп қызықты», - деді ОКҚ басшысы.

Анастасия Щегорцованың айтуынша, есеп беру кезеңінде әр түрлі форматтағы 28 шара, оның ішінде тілшілер мен баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренингтер, лекториялар, галстуксыз кездесулер мен «Шыңтөбе» дискуссиялық клубының отырысы өткізілген.

Соңғы жаңалықтар