Облыс әкімі Теміртаудағы ауыз су проблемасын таяу күндері шешуге уәде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғындарына ауыз су жеткізу бірнеше күнде шешіледі.
Бұл жайында бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыс су тасқыны кезеңінің шырқау шегінде тұр. Жүргізілген сараптама тасқын су көлемінің 2015 жылғы деңгеймен бірдей екендігін көрсетті. Су тасқыны облыстың 7 ауданында орын алуда. Оның ішінде 3 аудандағы ахуал барынша күрделі. Су тасқыны салдарынан 132 жеке тұрғын үйді су басты. Дер уақытта халықты қауіпсіз жерге көшіру қолға алынды, шамамен 800 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Халық мүлкінің тоналуына жол бермеу үшін күзет ұйымдастырылып, барлығы да ыстық тамақпен және киіммен қамтамасыз етілді», - деді Ерлан Қошанов.
Оның айтуынша, су тасқынына қарсы жұмыстарға шамамен 2500 адам мен 700-ден астам техника жұмылдырылған. Барлық өңірде арнайы құрылған штабтар күні-түні жұмыс істеп тұр.
«Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, таяу екі-үш күнде су тасқыны ахуалының тұрақталатындығы күтілуде. Жалпы жағдай бақылауда», - деді облыс әкімі.
Осы ретте Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев аймақ басшысынан Теміртауда орын алған жайтқа байланысты есеп беруді өтінді. «Теміртауда ауыз су проблемасы шешілді ме? Не болды? Мұндай апат неліктен орын алды?», - деді Үкімет басшысы.
Өз кезегінде Ерлан Қошанов проблема бірнеше күннің ішінде шешілетіндігін айтып сендірді. «Трансформаторлық стансаны су басып, соның салдарынан сорғыш істен шықты», - деді ол.
Б.Сағынтаевтың дерегінше, орын алған апат салдарынан Теміртауда көпқабатты 200 және жекеменшік 3 мың тұрғын үйі сусыз қалған.
- Димаш Құдайберген Ақтөбеде концерт береді
- Ақтөбе Астананың 20 жылдығына орай автокеруен ұйымдастырады
- 6,2 мың ақтөбелік оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасайды
- Қызы далаға тастаған сал әйел Абай қаласының көшесінде үш күн жатқан
-
Қарағандыда стоматологияда қыздың қаза табуына қатысты іс тоқтатылды
-
Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам