Обама кітап жазу үшін Француз Полинезиясы аралына аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сегіз жыл ел басқарған АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Француз Полинезиясындағы Тетироа аралына аттанды. 

Онда ол Ақ үйде басшылық еткен өмірі туралы естеліктер жазбақ. Бұл туралы The Washington Post газеті бұрынғы америкалық көшбасшының жақындары арасындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Барак пен Мишель Обамалар 60 млн долларға естеліктер жазылған екі кітапқа авторлық құқықты сататындығын жариялаған еді. Кітаптарды Penguin Random House баспа үйі басып шығарады. Алайда, газет экс-президенттің кітапті жазу процесі туралы қосымша ақпараттарды жарияламады. 

Обама 2008 жылы АҚШ президенті болып тағайындалды. Ал, 2012 жылы екінші рет қайта сайланды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Обама мемлекет басшысы өкілеттігін республикашыл Дональд Трампқа табыстады.

 

Соңғы жаңалықтар