ОАР-дағы жантүршігерлік апат: 80 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Африка Республикасында адамдар әкеле жатқан жүк көлігі апатқа ұшырап, 80-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер дәрігерлерге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Бамбари мен Иппа қалаларының аралығында болған.

Жүк көлігіне базарға бара жатқан саудагерлер мінген.  

 «Қазіргі уақытта біз 78 адамның мерт болғанын және 72-сінің жараланғанын анықтадық. Зардап шеккендердің бірқатары үйлеріне жеткізілген, бірақ олар артынша қайтыс болды»,-деп хабарлады агенттікке Бамбари қаласындағы ауруханалардың бірінің бас дәрігері.

Соңғы жаңалықтар