ОА елдері басшыларының жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша видео жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбук әлеуметтік желісінде Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуінің қорытындысы бойынша видео жариялады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тарихи кездесуге Орталық Азия елдерінің барлық дерлік басшылары жиналды. Алдын ала жоспарланған жоғары деңгейдегі шараларға байланысты Астанаға Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қана келе алмады. Оның орнына Түрікменстан Меджлисінің төрайымы Акджа Нурбердыева қатысты.

Мемлекет басшылары Орталық Азия халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, бірлескен мәлімдеме жасады.

Кеңестің келесі кездесуі Ташкентте өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар