НЗМ оқушылары «Алаш Орда ізімен» экспедициясына қатысуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Туған елге тағзым» экспедициясы өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде экспедицияға қатысушылар - республикалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат»  ХАА.

Белгілі болғандай, жоба 2012 жылы әзірленді, бұл оқушылардың туған еліне деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімді күшейтуге бағытталды. Бұл сапардың ерекшелігі Қазақстан өңірлері бойынша зерттеулерді жүргізу және танысу үшін Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында  маршрут алмасу болып табылады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар жан-жақты дамуға, жаңа білім алуға, сондай-ақ еліміздің географиясымен танысуға мүмкіндік береді. Республика ауқымындағы экспедицияға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 240 оқушы қатысып жатыр.

Биыл 10-19 маусым аралығында, Талдықорған қаласы НЗМ  Атырау мен Ақтөбе қалаларынан екі топты  қабылдауда. Экспедиция маршруты «Алаш Орда ізімен»  деп аталады. Жоба аясында экспедицияға шыққан топтар елдің барлық облыстарына барып, жануарлар, өсімдіктер әлемін, инновациялық нысандар мен сәулет құрылыстары және  т.б. зерттейді.

 «Туған елге тағзым» экспедициясы НЗМ барлық оқушыларына дамуға, ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Биыл шағын саяхатқа ірі тарихи оқиға - Алаш Орданың 100 жылдығы себеп болды. Әр оқушы елдің өңірін таңдап, өз ғылыми жұмысын жазады. Мысалы, менің таңдаған тақырыбым, «Алаш Орда өкілдерінің шифрланған атаулары деп аталады. Сондықтан Алматы облысы бойынша маршрут  тақырыбыма толықтай сәйкес келеді», - деді Атырау қаласы НЗМ оқушысы Көңілкөш Бек.

Атап  өтсек, экспедиция бағдарламасы балалар таңдаған ғылыми тақырыптарды есепке алып жасалады. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны, Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының идеяларын іске асыру мақсатында биыл республикалық НЗМ-ден 24 оқушы Алматы облысындағы «Туған елге тағзым» зерттеу экспедициясына қатысты.

Соңғы жаңалықтар