Нысанбаев жерді жалға алуға қойылатын талаптарды айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қазақстандықтарға жалға беру процедурасында қандай өзгерістер енгізілгелі жатқанын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әрине, біз қазіргі таңда жерді жалға беру процедурасын дамытып жатырмыз. Соның шеңберінде конкурсқа тек қазақстандық қана қатыса алады. Ең бірінші талабымыз - жерге үміттеніп отырған адамның қолында өзінің бизнес-жоспары болуы керек. Екінші - әзірлеген құжатында қанша адамға, тұрғындарға жұмыс орнын ашатыны айқын болуы керек. Одан тыс жалпы сол алған жердің құнарлылығын азайтпау үшін қандай іс-шараларды жасайтынын, қандай жаңа технологияларды қолданатынын көрсететін болады», - дейді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министр ең үлкен мәселе - жерді тиімді пайдалану болғандықтан, жерді жалға алу конкурстарында талаптар анық белгіленгенін атап өтті.

Айта кетсек, қазіргі уақытта ҚР Парламент Мәжілісінің жұмысында «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы қаралуда. 

Соңғы жаңалықтар