Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата Спикері А. Мамаюсуповты лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп отырғанына тоқталды.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы осы бағыттағы бірлескен жұмыс барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға ауысқан ТүркПА-ға төрағалығы кезінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл қарқынды түрде жалғасатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар