Нығматулин әріптестерін «Шын жүректен» телебағдарамасына белсенді қатысуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең сағат 10-да «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны басталады.

Осыған орай бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестерін шараға белсенді қатысуға шақырды.

«Ертең 29 қыркүйек күні таңертеңгі  сағат 10-да «Қазақстан»  телеарнасында Елбасының тапсырмасымен  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бастамашылық жасаған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны басталады. Бұл бастама ҚХА сессиясы кезінде көтерілген еді. Енді «Қазақстан» телеарасымен бірге тұрақты негізде «Шын жүректен» деп аталатын қымбат ем алуды қажет ететін ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азаматтарға қайырымдылық көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылмақ. Депуттар әр уақытта да мұндай шарадан тыс қалған емес. Парламент депутаттары мұндай шараларға белсенді қатысып келеді. Сондықтан  ертең сіздер мүмкіншілік тауып қатысасыздар деп ойлаймын. Өтініш, бәріміз белсенді қатысайық»,-  деді Мәжіліс спикері.

 Айта кетейік, қайырымдылық телемарафонын коғам қайраткерлері, депутаттар, ақын-жазушылар, спортшылар, дәрігерлер мен ауыр науқасын жеңгендер қолдады. Ал Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалалары тікелей эфирге қосылады. 

Жоба біріші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2016 жылдың сәуір айында алғашқы «Шын жүректен» аса ауқымды қайырымдылық телемарафоны жүзеге асырылды. Үшкүндік телемарафон қорытындысы бойынша шамамен 41 миллион теңге жиналды, ал көмекке зәру балалардың барлығының есепшоттарына 700 мың теңгеден аударылды.  Қауырт желі, интернет-портал және әлеуметтік желідегі арнайы парақша арқылы 1000-нан астам өтініш түсті.

Соңғы жаңалықтар