Нығматулин әлеуметтік зерттеулерге жұмсалатын миллиардтаған қаржыны тексеруді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік органдар тарапынан бюджет қаражатының орынсыз пайдаланылуын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін төменгі палатада «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңының жобасы талқыланды. Оның барысында Нұрлан Нығматулин әлеуметтік зерттеулер мен консалтингке қосымша қаражат бөлу қаншалықты тиімді деген мәселені қозғады. 

«Әлеуметтік зерттеу жұмыстары мен консалтингілік қызметтер мәселесі реттеуді қажет етеді. Міне, қараңыз, 2018 жылға арналған бюджетке әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 17 мемлекеттік орган қазіргі дейін 7,2 млрд теңге салған. Бүгінгі айқындалған бюджетте әлеуметтік зерттеулер үшін тағы да 3,3 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин бірқатар көрсеткіштер мен жағдайларды салыстырып көруді ұсынды.

«Дәл осы бюджетте мүгедектерді бағатын адамдарға бөлінетін жәрдемақы үшін 2,7 млрд теңге қарастырылуда. Жуықта ғана болып өткен су тасқындарына байланысты ІІМ қазір осы бағытта 1,6 млрд теңге бөлгелі отыр. Бізде әлеуметтік зерттеу саласында су тасқындарынан да зор төтенше жағдай туындап отыр ма?», - деді ол.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, өткен жылы БҒМ үшін бюджеттен әлеуметтік зерттеулерге дәл осындай сома - 1,3 млрд теңге бөлінген.

«Басында 770 млн теңге бөлінеді де, айқындалу кезінде тағы 540 млн теңге қосылады. Менің ойымша, сіздер бұған жоспар секілді қарайтын секілдісіздер. Осындай зерттеулерді қолдану былай тұрсын, жоқ дегенде бағалауға боларлық болса кім оған қарсы шығар еді? Міне тыңдаңыздар: "Қазіргі Қазақстанның жаңғыртылуы жағдайында мемлекеттік коммуникативтік саясатты сарапшылық-аналитикалық қолдау". Бұл зерттеу сонда қандай мәселені шешеді? Үлкен сұрақ. Осыған қарамастан, министрлік осы зерттеу үшін 0,4 млрд теңге сұрайды. Мұндай үлгілерді тек осы министрліктен ғана емес, өзгелерден де байқауға болады. Егер мемлекеттік органдарды тексеретін болсақ, ондай мысалдар жетіп жатыр», - деген Нұрлан Нығматулин осы мәселеге Есеп комитетіне назар аударуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар