Нұртас Адамбай сценарий жазушыларға байқау жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Nurtas Production» киностудиясы сценарий жазатындарға байқау жариялады. Бұл жайлы актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үздік қатысушыға «Nurtas Production» киностудиясында жұмыс беріледі әрі жеңімпаздың сценариі бойынша толықметражды фильм түсіріледі», - дейді Нұртас Адамбай.

Сценарийшілер байқауы бірнеше кезеңнен тұрады. 20 сәуірден 6 мамырға дейінгі 1-турда қатысушылардан өтініш қабылданады. 

Атап өтілгендей, алғашқы кезеңде фильмнің синопсисін (шығарманың қысқаша сипаттамасы - авт) келесі талаптарға сай етіп жазу қажет:

1. Фильм идеясын барынша ашуға, сол арқылы комиссия мүшелерінің назарын аударуға ұмтылу;

2. Синопсисті бір А4 форматына сыйғызу (шрифті - Times New Roman, кеглі - 12);

3. Қолтаңба: аты-жөні, жасы, қаласы, байланыс мәліметтері.

Байқауға Қазақстанның кез келген қаласынан және ТМД елдерінен кәмелетке толған тұлғалар қатыса алады;

4. Дұрыс жазылған жұмысты (2-тармақ) [email protected] электронды поштасына жіберіп, нәтижесін күту.

Келесі турға өткен қатысушылардың аты жазылған тізім @nurtasadambay, @nurtasprochannel парақшаларында 2018 жылғы 7 мамырда жарияланады.

Екінші кезеңнің шарттары нәтижелер жарияланғаннан кейін айтылады.

Соңғы жаңалықтар