Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысу қорытындысы туралы АКМ басшысы пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» жобасы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы жұмысына қатысу қорытындысы жөнінде пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы көптеген кездесулер өткізеді, әдетте телекамера объективіне көп түсе бермейтін бірақ, бірқатар саяси және экономикалық мәселелер талқыланатын бейресми әңгімелесулердің де саны өте көп. Сол себепті, Мемлекет басшысы ірі форумдарға барған сапарын еліміздің мүддесі үшін барынша тиімді пайдаланады», - деп атап өтті министр.

Дәурен Абаев Жібек жолы экономикалық белдеуін құрудың артықшылықтары жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

«Мемлекет басшысы Нұрлы жол құрылымдық емес бағдарламасын жариялайды. Жол дегеніміз, Президенттің айтуынша, қан жүретін күре тамырлар секілді.  Жібек жолы қазіргі қолданыстағы жолдарға қосымша күре жолдар болмақ. Біріншіден, Талдықорғаннан Оралға дейінгі жақсы жолдарымыз бар, екіншіден тағы да Ляньюньгань мен  Шанхайдан бастап сапалы жолдар салынып, Қытайдан келетін жүк ағыны Қазақстанмен шектеліп қалмай, Еуропа мен Ресейге жол тартады», - деді министр.

Спикер Қазақстанның геосаясаттағы рөлі арта бастады деп есептейді.

«Мемлекет басшысы теңіз тасымалдарынан үнемі мысал келтіріп отырады: арзан болғанымен, ұзақ уақытты талап етеді, яғни тауар Шанхай портынан Роттердамға дейін айлап жетуі мүмкін. Нақ осы орайда тауардың тезірек жеткізілуіне мүмкіндік беретін өзге нұсқаны ұсына аламыз. Бұл арқылы Қазақстанның геосаясаттағы рөлі арта бастайды. Екіншіден, бұл экономика. Барлық тауарларды өткізу арқылы айтарлықтай пайда түсіре аламыз. Теңіз портындағы барлық логистика құрғақ портта да жұмыс істейтін болады», - деп Дәурен Абаев өз сөзін түйіндеді. 

Соңғы жаңалықтар