Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған Сенат депутаттары жұмысына сенім білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған Сенат депутаттарының алдағы сапалы жұмысына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті депутаттар, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен шын жүрегімнен құттықтаймын! Осы арада елді аралап, халықтың алдында сөйлеп, көп жұмыс жасадыңыздар. Енді жаңа күшпен әрі оймен, жаңа сессияны бастағалы отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 28 маусымда Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, Парламенттің жоғары палатасының құрамы Конституция бойынша жаңарды. Атап айтқанда, барлық өңірлерде сайлау өтті, алдымыздағы алты жылдың ішінде олар сол сенімді ақтап, халыққа қызмет ететін болады. Сондықтан жаңадан сайланған халық қалаулыларын қызметтерімен құттықтап, табыс тілейік», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда жаңғырудың жаңа көкжиектері ашылып, іргелі үдерістерді жүйелі түрде іске асыру басталғанын атап өтті.

«Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала: экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде. Әрбір мемлекет осы үш мәселені назарда ұстап, өркендейтін болады. Бұл реформаның негізінде біз «Қазақстан-2050» стратегиясындағы мақсаттарымызға жетеміз. Түпкі мақсатымыз - отыз өркендеп өскен елдің арасында болу», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар