Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
2017 жылғы 7 қазан 14:35 539

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

 

 

Басты сөздер: Ақорда, Қазақстан Президенті, Ресей,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер