Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильм түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы туралы жаңа фильм көрерменге жол тартты. «Избранный веременем» атты деректі туындыны ҚР Президентінің Телерадио кешені белгілі ресейлік публицист Леонид Млечинмен бірлесіп түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильм Қазақстан Республикасы Президенті Қорының қолдауымен жарыққа шықты. Сценарий авторы - Леонид Млечин. Тың туындының қоюшы режиссері - Сәуле Көмекбаева. Деректі фильм 37 минутқа созылады.


«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жасайтын аз ғана тұлғалардың бірі. Нұрсұлтан Назарбаев - реформатор», - дейді фильм авторлары.

Тың туынды кең ауқымдағы көрермендерге арналған. Оның сценарийі «Назарбаев. Президентпен бірге топтасқан портрет» («Шығыс-Батыс» баспасы, 2010 жыл) кітабы бойынша жазылған.




Соңғы жаңалықтар