Нұрсұлтан Назарбаев Трамптың Путинмен қарым-қатынасы туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен АҚШ басшылары Владимир Путин мен Дональд Трамп жайлы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әлбетте, мен бізге жақын саналатын Ресеймен қарым-қатынас туралы сұрай алмадым. Бұл туралы алғашқы әңгімеміз өте сәтті болды (...) Мен Ресей мен Ресейдің басшысын Батыстың жөнді қабылдамайтынын, шынында, ол мүлде бөлек адам екенін тіке айттым. Сол кезде ол маған: «Сен білесің ғой, біз Германияда Путинмен кездестік. Ендігі кезекте бәрі жағдайға байланысты» деп жауап берді. Ондағы да, біздегі де жағдайға байланысты екені белгілі. Бірақ, меніңше, бұл рельстен ауытқып, қарым-қатынасты түзеуге болатын секілді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада отандық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз мәслихаты барысында.

Президент сондай-ақ, екі елдің қарым-қатынасы реттелер деген сенім білдірді.

«Ол (Дональд Трамп) Ресейдің үлкен мемлекет екенін айтқан еді. Әйтеуір бір күні біз бұл сұрақты шешеміз. Сөзсіз, АҚШ пен Ресей ең ірі ядролық держава екені белгілі. Әлемдік мәселелерді Ресейсіз де және АҚШ-сыз да шешуге болмайды. Сондықтан, аяғында бұл позиция жағымды жаққа қарай өзгерер деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының Президенті, АҚШ басшысы Дональд Трамппен болған әңгіменің мән-жайын айтып берген еді.

Соңғы жаңалықтар