Нұрсұлтан Назарбаев Трамптан С5+1 форматымен ынтымақтастықты жалғастыруды өтінді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен Ақ үйге, АҚШ-қа шақырып, делегацияма жылы қонақжайлық танытқаныңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сізбен телефон арқылы сөйлесуіміз, Эр-Риядтағы кездесуіміз және бүгінгі келіссөздер сенім, достық және өзара түсіністік туы аясында  өтуде. Бұл сапарым қазақстандық-америкалық қарым-қатынасты екі халық пен елдің игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеретіндігіне сенімім мол. Сондықтан да біз бүгін Астана мен Вашингтонның өзара қарым-қатынасындағы жаңа дәуірге бастамашы болатын бірлескен саяси мәлімдеме қабылдаймыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы  АҚШ Қазақстан Тәуелсіздігін ең бірінші мойындағанын және сол уақыттан бері Қазақстанға саяси қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Бұл елдің нығайып, әлемдегі құрметті мемлекетке айналуына септігін тигізгенін баса айтты. Сонымен қатар Елбасы Орталық Азиядағы бес мемлекеттің атынан келіп отырғанын еске салды.

«Қазіргі уақытта Орталық Азияға үлкен мемлекеттердің қызығушылығы зор. Біздің көршілеріміз - бір жағында Ресей, екінші жағында Қытай, оңтүстікте ислам әлемі. Бұл ретте АҚШ-тың біздің С5+1 форматымызға қатысуы өте маңызды. Мен Президенттен бұл ынтымақтастықты жалғастыруды өтінемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар