Нұрсұлтан Назарбаев Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словения Республикасының бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Д.Тюрк Қазақстан Президентіне елімізге тағы бір мәрте келуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, оның Астанаға жасаған өткен сапарлары барысындағы өзара іс-қимыл нәтижелері жемісті болғанын атап өтті.

Словения Республикасының бұрынғы Президенті Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын айтып, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсенді атсалысқанына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар