Нұрсұлтан Назарбаев СҚО-да «Шағала Агро» ЖШС-на келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылжар ауданында орналасқан «Шағала Агро» ЖШС-ның егіс алқабына қарап шықты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылық техника көрмесімен танысты, олардың қатарында солтүстікқазақстандық зауыттарда құрастырылған техникалар бар. СҚО әкімі Ерік Сұлтанов техниканың бәсекелік артықшылықтары мен машина жасау кәсіпорнының даму болашағы жайлы әңгімеледі.

«Шағала Агро» ЖШС директоры Жомарт Омаров өндіріске пайдаланатын жер алқабының 35 мың гектарды құрайтынын айтты. Оның 7 мың гектары - жайылым, 28 мың га - егіптік алқаптары.  13,6 мың га жерге майлы дақылдар егіледі, 9 мың гектарға астық егіледі. Сонымен қатар, арпа мен сұлы өсіріледі. Өткен жылы компания астықтың түсімі 25,5 ц/га болса, ал майлы дақылдардың гектарынан 12,7 центнер өнім алынған. Биыл гектарынан 35 центнер астық алынгса, майлы дақылдар гектарынан 15-17 центнерден айналған.

Дәл осы алқапта ҚР Президенті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесті және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне қатысты. 

президент президент президент президент президент null  

Соңғы жаңалықтар