Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар