Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Елбасы кітапханасына барды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге ресми сапармен келген Эмомали Рахмон «Назарбаев орталығы» көпфункционалды кешенінің бір бөлігі болып саналатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасын аралап көрді.

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан Президенті музейі мен экспозициялық-көрме орталығының экспонаттары көрсетілді.

Соңында екі ел басшылары орталықтың интерактивті білім беру технологиясының заманауи мүмкіндіктерімен танысты.

null  

Соңғы жаңалықтар