Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компаниялардың көрмесін аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компаниялардың көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімімен танысты.

Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған.

Көрменің негізгі мақсаты - екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Соңғы жаңалықтар