Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын үлгі етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын үлгі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны саналады және стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі ретінде қызмет етеді. Біздің тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық бірлестігі табысты жұмыс істеп тұр», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бағдар екі халықтың да барынша жоғары қолдауына ие болып отырғандығын баса айтты.

«Ресей Президенті Владимир Путинмен ізгі жеке байланыстарды жоғары бағалаймын. Оның таяуда өткен сайлаудағы жеңісі - бұл Ресей халқының елді одан ары гүлденуі, геосаяси рөлінің нығаюы жолындағы өз көшбасшының бағдарына деген ең жоғары кезекті бағасы, сонымен қатар оның еліне деген шексіз жан-тәнімен берілуі деп есептеймін», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ресеймен арадағы екіжақты форматтағы және халықаралық күнтәртіп аясындағы байланыстарын екі халықтың игілігі үшін кеңейте беруге ниетті екендігін айтты.

Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Ресей Елшісі Астанаға аттанар алдында РФ Президенті Владимир Путиннің қабылдауында болғанын жеткізді.

«Қабылдау барысында ол Қазақстанда Елші болып жұмыс істеу зор сенім мен жауапкершілік екендігін атап өтті. Бұл шындығында да солай. Өйткені, одақтастық қарым-қатынасты дамыту, экономикалық байланыстар саласындағы Қазақстанмен біздің ынтымақтастығымыздың күнтәртібі өлшеусіз», - деді Алексей Бородавкин.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Олардың қатарында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин де болды.

Салтанатты шара барысында Елшілерге сөз арнаған Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы елімізде өтетін маңызды оқиғалар туралы айтты. 

null null 

Соңғы жаңалықтар