Нұрсұлтан Назарбаев генералдарға кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев генералдарға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баһадүр бабалардың ерен еңбегінің егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда деп айтуға болады. Бүгін бір топ азаматтардың жоғары наградалармен марапатталуы соның айқын дәлелі. Мен осы марапаттауға келе жатқанда ойландым. 74 жыл Кеңес одағының құрамында болғанда, қай адамға генерал атағы тапсырылды? Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ бергелі отырмын», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Қазақстан Президенті Тәуелсіздік алған кезде елдің армиясын басқаратын генерал іздеп, жалғыз Сағадат Нұрмағанбетовты тапқанын еске алды.

«Осыны естеріңнен еш уақытта шығармаңдар. Ел болғаннан кейін, Тәуелсіз Қазақстан болғаннан кейін өз Бас Қолбасшысы қолынан сендерге осындай атақ береді. Себебі, генерал деген ол ең жоғары атақ, бір жағынан қызметтеріңді бағалау. Оқалы киім киген азаматтардың ең жоғарғы бақыты, қуанышы, бала-шаға мен отбасының қуанышы. Соны ешқашан ұмытпасаңдар деген ойдамын», - деді Елбасы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар