Нұрсұлтан Назарбаев елдегі лифтілер жұмысын тәртіпке келтіруді талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласын одан әрі дамытуға қатысты өтіп жатқан жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев лифтілердің жұмысы бойынша тұрғындардың шағымдарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы лифтілердің жағдайы көңіл көншітпейтінін атап өтті. Соңғы кезде Астанада лифтілерге қатысты төрт оқиға болған.

«Жалпы, бұл мәселе барша Қазақстанға қатысты (...) Адамдар лифтілерді күнделікті үздіксіз пайдаланады. Осы салада тәртіп болуы керек. Бұл тұрғыда оларды күтіп ұстау мен уақтылы тексеру үшін тәртіпке келтіру қажет. Лифтінің тексерілгені туралы, сондай-ақ ешбір үрейсіз оны пайдалануға болатындығы жайында тиісті қадағалау жүзеге асырылған жөн», - деді Мемлекет басшысы Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында.

Елорда әкім Әсет Исекешевтің сөзіне қарағанда, лифтілермен айналысатын 50 компанияның арасында тек 10-ы ғана талаптарға сай болып отыр. Қазіргі уақытта жағдайды реттеуге қатысты ұсыныстар енгізіліп жатыр. Осы орайда, қызмет көрсету бойынша компанияларда білікті мамандардың жеткілікті болуына назар аударылады.

Соңғы жаңалықтар