Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы нысандардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен жаңа ғана салынып жатқан нысандарды көріп келдім. Дайындық жоғары деңгейде, құрылыс жақын арада аяқталғалы тұр. Нысандарды абаттандыру, толықтыру жұмыстары жүруде. Көрме өткізуді лайықты ұйымдастыру әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық және Астананың даму мәселелері бойынша өткен жиналыста.

Мемлекет басшысы соңғы 5 жылда аймақтық өнімнің үш есеге өскенін, бұл кезеңде елордаға шамамен 4,5 триллион теңге инвестиция құйылғанын атап өтті. Ел экономикасындағы Астана үлесі 12% дейін көтерілді.

3  

«Яғни, біз Қазақстанды тағы бір қаламен - өзіне салынған қаражатты мемлекет қазынасына қайтара бастаған үлкен активпен байыттық. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 46% құрайды - бұл елдің өзге аймақтары арасындағы ең жоғары деңгейді құрайды. Астана миллионер қалаға айналды. Өткен жылы ел аумағында 10,8 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, соның 2,3 миллион шаршы метрі немесе 20%-дан астамы Астанаға тиесілі. Қала маңызды әрі жаһандық шаралар мен кездесулерді ұйымдастыратын дәстүрлі орынға айналды», - деп толықтырды Н.Назарбаев.   

 

Соңғы жаңалықтар