Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы барша қазақстандықтар мен мәртебелі мейманды айтулы күнмен құттықтады. «Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстанның ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырғанын атап өтті. «Осылайша Қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін көрсететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы - Астана нағыз ХХІ ғасыр қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қадірлі қауым! Осымен ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялаймын. Әлем  жұртшылығы мен барлық  отандастарымды көрмені  тамашалауға шақырамын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер!» - деді Елбасы.

null

Сонымен қатар, Елбасы көрмеге әлемнің 115 мемлекеті, 22 халықаралық ұйым қатысып отырғанын атап өтті.
Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Олардың арасында Чехия Республикасының Президенті Милош Земан, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев,  Сербия Президенті Александр Вучич, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов, Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Испания королі Филипп VI, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин бар. 

Соңғы жаңалықтар