Нұрсұлтан Назарбаев бітімгер болу сырын түсіндірді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Бүгін Тараздағы  Достық үйінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бітімгер болу сырын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Неліктен бітімгермін, мені неліктен шақырады? Әлемдік дәстүрлі діндер съезі бізде неліктен өтеді? Сирия, Украина, Түркия мен Ресей мәселесі не үшін бізде шешіледі? Өйткені, бізді бірде бір мемлекетпен қарама-қайшылық, ұрыс-керіс жоқ. Біз ішімізде бейбітшілікте, көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Бұл дамудың басты тармағы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Елбасы Сирия мәселесіне тоқталып, соғыс болып жатқан кезде ешқандай дамудың болмайтындығын баса айтты.

«Адамзат баласының Пальмира сынды ең үздік ескерткіштері бомбаланған кезде Сирияда қандай даму болмақ. Ең үздік ескерткіштер бомбаның астында қалып, халық босқынға айналды. Босқындар саны 5 млн адамға жетіп отыр. Ол адамдардың жай-күйін ойлаудың өзі қорқынышты, Құдай басқа салмасын. Ол жақта гуманитарлық апат та орын алуда және біз көмек жіберіп жатырмыз», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар