Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н.Оңжанов пен Ә.Смайылов қатысты.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

«Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар