Нұротандықтар халықаралық терминдердің аудармаларын қайта қарауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов халықаралық терминдердің қазақ тіліндегі аудармаларын қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ол «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында өткен демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Аймақтық коалициясының отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналды.

«Жолдау адам мен оның денсаулығын, әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ел дамуының басым бағыты индустрия, агроөндірістік кешен, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның цифрландырылуы, заманауи технологияларды тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық салада енгізу болып табылады. Бұл Қазақстанның әлемдегі алдынғы қатарлы елдер санатына енуі үшін қажет», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.
null 

«Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы Ермат Байғұрманов та аталған құжаттың барлық бағыттарын санамалап, өз пікірін жеткізді. Оның атап өтуінше, агроөндірістік кешенді дамыту үшін ауылдағы кәсіпкерлікті барынша қолдап, ауылдық бизнесмендер алдындағы бюрократиялық кедергілерді жою керек.

Отырыс барысында қатысушылар Жолдаудың басқа да маңызды тұстарына тоқталды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов Елбасының қазақ тіліне қатысты айтқан пікіріне қолдау білдірді.

«Президентіміз бірнеше жыл бойы қазақ тіліндегі халықаралық терминдерді аудару мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Мысал үшін «қылтима», «дүңгіршек» және «қолтырауын» секілді сөздер тіліміздің абыройын өсіруде дей алмаспын. Тілді осы сияқты терминдермен күрделілендіру - қателік. Біз дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі екендігімізді ұмытпаған абзал. Сондықтан әлемдік жаңалықтардан тыс қалмау керек», - деп өз пікірін білдірді Ғалымбек Жұматов. 
null 

Соңғы жаңалықтар