«Нұрлы жол» вокзалындағы жаттығу кезінде жолдар жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындарына және қонақтарына вокзал аумағында оқу-жаттығулар өткізілуіне байланысты жолдар жабылатыны ескертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

«6 наурыз күні 00:00-ден 04:00-ге дейін Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалының аумағында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығуларын өткізеді. Шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының көлік нысандарындағы лаңкестік көріністері кезінде жедел қимыл жасауға дайындығын тексеру», - делінген хабарламада.

Оқу кезінде вокзал аумағында, Байтұрсынов, Нәжімеденов, А 62 және А 82 көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы тоқтатылады.

Жаттығулар түрліше қиындықтағы әскери жағдайларға барынша жуықтатылған. Қауіпсіздік қызметтері күштік операцияларды өткізуге, сондай-ақ теракт салдарын азайту және жою дағдыларын жетілдіреді.

Соңғы жаңалықтар