«Нұрлы жол» вокзалында электромобильді қуаттандыру бекеті ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы Жол» вокзалында электромобилдерді қуаттандыру станциясы ашылды. Бұл станция ҚР Энергетика министрлігінің жобасы аясында ашылды. Бұл Қазақстандағы вокзалда орнатылған тұңғыш электромобил қуаттандыру станциясы болып табылады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Астана тұрғындарына арналып «Нұрлы жол» вокзал кешенінде алғашқы қанатқақты жоба жүзеге асырылды. Яғни, вокзалға келген электромобил жүргізушісі өз көлігін осы жерден қуаттандырып ала алады», - дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары Н. Аманжолов.

Жаңа электрмен қуаттандыру станциясы әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Ол 1 сағаттан 4 сағатқа дейін қуат береді. Бір мезетте станциядан төрт электромобил қатар қуат алады. Станцияға орнатылған қуат көзінің күші -51кВт.

«Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында токтың дииференциалды қорғанышы жасалған. 2 «Mennekes» ток айырғышы апаттық жағдайда ток көзінен ажыратылады», - дейді Н. Аманжолов.

Соңғы жаңалықтар