«Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы бағалар жолаушылардың талаптарына сай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы миллионыншы жолаушысына құрмет көрсетті. Жаңа вокзал биылғы жылдың мамыр айында ғана ышалған болатын. Сонымен қоса жаңа вокзал дүниежүзілік сәулет байқауына қатысып, Астананың көрікті орындарының біріне айналды.



Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінің ремси сайтында жарияланған Астана әкімдігінің медиа-орталығы тілшілерінің «Нұрлы жол» вокзалының қазіргі таңда қалай жұмыс істеп жатқаны туралы әзірлеген фоторепортажынан белгілі болды.



Алты деңгейлік кешен жүз ымңнан астам шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда жалпы есептегенде 740 орынға шақталған паркингтер бар. Одан әрі перронға шығаберіс орналасқан, сәл жоғарыда - күту залдары. Мейрамханалар мен дәмханаларға, сонымен қатар вокзал әкімшілігі және қызметкерлеріне арнайы қабаттар бөлінген.

Журналистерге арналған пресс-тур барысында әкімшілік қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаларға баса азар аударады. Тілшіледің жаңа нысандағы бағалары соншалықты қымбат емес екеніне көздері жетті. Мысалы, самсаны 250 теңгеге, ал шайды 100 теңгеге сатып алуға болады. Төмен бағаны тамақтану орындарының көптігі және бәсекелестіктің арқасында ұстап қалу мүмкіндігі бар.

Сатушылар журналистерге халық көп келмесе де бағаны көтермейтіндіктерін айтты. Яғни вокзалға келушілердің де сатушылар да көңілдері тоқ. Тұрғындардан шағым түсе бермейтіндігіне вокзал әкімшілігі дән риза.

«Азаматтар үшін вокзалдың жайлы болғаны біз үшін өте маңызды», дейді вокзал басшылығы.

Осыған қарай мүнда мүгедектерге ерекше мән берілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысы үшін жанасу жолдары, Брайль әріптерімен жазылған ақпараттық тақта, арнайы касса қарастырылған.

Демалыс бөлмесінде қашанда тынығатын келушілерді кездестіруге болады.

«Вокзал тамаша! Біз адасып кетеміз бе деп қорықтық, өйткені ол жаңа, бейтаныс орын. Сөйтсек, қорқудың қажеті жоқ екен. Бізге бұл жерде барлығын түсіндірді, қай жерде демалуға болатынын айтып, бәрін көрсетіп, шығарып салды. Енді біз пойызды қалай табамыз деп алаңдамаймыз», - дейді Атыраудан елордаға отбасымен емделуге келген зейнеткер Әзиғали Кемелбай.

Бір сөзбен айтқанда, сілтеме белгілермен тұспалдай алмаса, көмекке әрқашан көмектесуге әзір жарқын жүзді қызметкер келеді. Олардың орта жасы 30-дан жоғары емес. Барлық қызметкерлер қатал іріктеуден өтті. Барлық мамандар жоғары білімді, үш тілді меңгерген. Шағымдар мен ұсыныстар кітабында соңғы жазбалардың пікірі көңіліңді жадыратады. Оны АҚШ азаматшасы жазған. Оған вокзал ішінде бағыттарды көрсетіп, такси шақырып, тіпті қонақ үйге орналасқанын хабарласып білгені үшін барынша көмектескені үшін қазақстандық қызметкерлерге алғысын білдірген.

Вокзалда үзіліссіз жұмысты 1300 қызметкер қамтамасыз етеді. Олар үнемі білімдерін жетілдіп отырады. Бұл жерде қызметкерлерге де барлық жағдай жасалған. Арнайы орында - демалыс бөлмесі, жуыну, демалу кабинеттері бар.

Жаңа технологиялар - ерекше назарды талап ететін жеке бөлім. Бұл жерде ғаламторға шығу, телефонды тегін қуаттап алуға болады. Алдағы уақытта басшылық вокзалдағы кей кездері интернет ұстамайтын орындардан арылуды жоспарлап отыр. Бұл сұрақ бойынша операторлармен келісім бар.

Супер заманауи кешеннің тағы бір ерекшелігі, оның шатыры болып табылады. Оның аумағы 42 мың шаршы метр. Шатырдан ағатын су тазалаудан өтеді де көгалдарды суаруға пайдаланылады.

Энергоүнемдеуші эскалаторлар. Егер оларда адам болмаса, олар қозғалысын ақырындатады немесе тоқтайды. Бұл энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Болашақта жаңа вокзал арқылы жаңа теміржол көлігі жүретін болады. Осылайша, вокзал өзіндік жолаушы хабқа айналады. Желі қала орталығын, шығыс аумағын, ЭКСПО, Назарбаев университетін және әуежайды байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар