«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында энергетика саласы қалай дамуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қазақстанда жоғары вольтты желілер салмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілерін дамыту жөніндегі департамент директоры Нұржан Исенов мəлім етті.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні өткен жалпы ұлттық телекөпір кезінде Мемлекет басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиеке «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық электр желілерін дамытуды тапсырған болатын.

Н.Исеновтің айтуынша, Екібастұз-Шүлбі-Өскемен су электр станциясында қуаттылығы 500 кВ болатын электр желісі іске қосылмақ.

«Жобаның бірінші сатысы аясындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары сәтті аяқталды. Шын мәнінде, жоба - еліміздің экономикасын дамытуға үлкен серпін бере алатын жоба. Əсіресе, Шығыс Қазақстан облысындағы халқықтың жоғары қуатты жарыққа қолы жетеді»,-деп хабарлады ол.

Соңғы жаңалықтар