«Нұрлы жол»: Бағдарламаны тиісті іске асыра алмағандарға қаржы қысқартылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржының игерілуін қатаң бақылауға тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасын тиімді орындау мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. Сондықтан да негізгі мақсат - ағымдағы жылы жоспарланған барлық индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету», - деді Б. Сағынтаев Үкімет мүшелеріне қарата айтқан сөзінде.

Осыған байланысты Премьер-Министр Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктері, сондай-ақ әкімдіктер қаржыны игеруде қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керектігін жүктеді.

«Сонымен қатар биыл жұмыстарды тиісті деңгейде атқара алмаған бюджеттік бағдарлармалар әкімшілеріне 2018 жылы қаржыны қысқарту бойынша ұсыныс енгізіңіздер», - деп тапсырды Б. Сағынтаев.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәліметіне қарағанда, 2017 жылдың бюджетінде мембағдарламаға  484 млрд теңге қарастырылған, оның 130 млрд теңгесі өңірлерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелер ретінде жіберіледі.

«Бағдарлама қаржысының игерілу барысы апта сайын қадағаланып отырады. Ағымдағы жылдың 9 айында республикалық деңгейде 320 млрд теңге игерілді, яғни есепті кезең жоспарына 99,2 пайыз және жылдық жоспарға 66,2 пайызды қамтыды. Бүгінгі күнге жылдық жоспардың 69,5 пайызы игеріліп, 336 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар