«Нұрлы жол»: Ақтөбеде екі мектеп пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында екі мектеп пайдалануға берілді. Білім ордалары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе қаласының Ақшат ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жаңа мектепті салуға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 800 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмсалды. Әлихан Бөкейханов атындағы №67 орта мектеп заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген, арнайы оқу кабинеттері бар.
null 

«Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта біздің өңірде көптеген жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәуелсіздік жылдарында облысымызда 125 мектеп салынды, ал мектепке дейінгі ұйымдар 457-ге жетті. Қазір балабақшамен қамтамасыз ету 96% құрайды», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша 31 мектептің құрылысы жүргізілді. Қазіргі уақытта оның 15-і пайдалануға берілді. Әрі балалар мен жасөспірімдерге арналған Шығармашылық академиясы, Жекпе-жек сарайы пайдалануға берілді.
null 

«Бір жылда тұрғызылған жаңа мектепте заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Мектептің мұғалімдер құрамы болашақта ел дамуына елеулі үлес қосатын жоғары білімді жастарды тәрбиелеуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс», - деп Б.Сапарбаев.

Мектепте зертханалар, мультимедиалық кабинеттер және интерактивті тақталар бар. Инклюзивтік білім беруді дамыту шеңберінде тірек қимылы бұзылған балаларға арнап арнайы аппарат жеткізілді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеделсаты, пандус, жиһазбен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, «Болашақ» ықшам ауданында №68 орта мектеп ашылды. Бұл ауданда мүлде білім ордасы болған жоқ. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына 755 миллион теңге жұмсалды.  
null null 

Соңғы жаңалықтар