«Нұрлы жер» және Азаматтық авиацияның одан әрі даму мәселелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру,  құқық қорғау қызметін, атқарушылық іс жүргізу мен сот сараптамасының мәліметтерін цифрландыру жайы, сонымен қатар азаматтық авиацияны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

«ҚазАқпарат» ХАА осы жиында қаралған екі өзекті тақырып - «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру» және «Азаматтық авиацияның одан әрі даму мәселелері» туралы бірқатар ақпараттарды оқырман назарына ұсынады.

***

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы

2017 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 979,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, ол өткен жылдың деңгейінен 18%-ға жоғары.

Жеке инвестициялардың үлесі 825,8 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 84,3%-ын, мемлекеттік инвестиция 154 млрд. теңге немесе жалпы көлемнің 15,7%-ын құрады.

11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылғы деңгейден 6,2%-ға артық. Жылдық жоспарға орай жалпы тұрғын үйді іске қосу 111%-ға орындалды (жоспар 10,1 млн. шаршы метр болатын).

Барлығы 100,8 мың баспана салынды, оның ішінде жеке сектор есебінен 75,8 мың пәтер немесе жалпы көлемнің 75%-ы, мемлекеттік инвестиция есебінен 25 мың пәтер (жалпы көлемнің 25%) іске қосылды.

Анықтама: 2017 жылы барлық салынған 100,8 мың баспанадан 27,9 мың жеке үйлер және көп қабатты үйлерден 72,9 мың пәтер. 

Тұрғын үй іске қосу бойынша алдыңғы қатарда Астана (2,4 млн. шаршы метр) және Алматы (1,9 млн. шаршы метр) қалалары, Маңғыстау (833 мың шаршы метр) және Ақтөбе (792,3 мың шаршы метр) облыстары тұр.

Батыс Қазақстан (42,4 %), Оңтүстік Қазақстан (36,2 %), Қостанай (35,9 %) және Павлодар (31,2 %) облыстарында тұрғын үй енгізудің айтарлықтай өсімі байқалады.

Өңірлерге жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 77,3 млрд. теңге бөлінді, 99,5 % немесе 76,9 млрд. теңге игерілді.

Ағымдағы жылға инженерлік коммуникацияларды жайғастыру үшін 80 млрд. теңге жоспарланған көлеміне орай өңірлер 38,3 млрд. теңгеге 132 жобаны қаржыландыруға өтінім берді немесе жоспардың 48%.

Бағдарламаның әрбір бағытының қорытындысы

Бірінші. «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй салу» бағыты бойынша жыл сайын республикалық бюджеттен 25 млрд. теңге бөлінеді, ол өңірлер арасында тепе-тең бөлінеді (1,5 млрд. теңгеден).

 Осы бағыттың шеңберінде 2017 жылы өңірлерде сатып алуынсыз жалға берілетін 5391 пәтердің (288,7 мың шаршы метр) құрылысы басталды, оның ішінен 2 620 пәтер (146,5 мың шаршы метр) іске қосуды қамтамасыз етілді.

Анықтама: жоспар: 2017 ж. - 2712 пәтер, 2018 ж. - 1940 пәтер, 2019 ж. - 739 пәтер. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жоспарлаған көлемнің 97 % орындалды - 2712 пәтер (151 мың шаршы метр).Толық емес енгізу ҰҚ есебінен Қарағанды облысында орын алды, ЖБ қаражаты есебінен 16 бірлік тұрғын үй енгізілді.

Ағымдағы жылы Бағдарламаның осы бағыты бойынша 184,5 мың шаршы метр (3507 пәтер) құрылысы жоспарланған.

Екінші. «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша 70 мыңнан аса жер учаскесіне инженерлік коммуникация өткізілді. Соның ішінде 54 мың бұрын бөлінген және 16 мың жаңа учаскелер болып табылады.

Анықтама: Ең көп жер учаскелерін Маңғыстау және Ақтөбе  облыстарының әкімдіктері кезекте тұрған адамдарға бөлуді жоспарлап отыр (тиісінше 15 және 11 мыңнан астам учаске).

Пилоттық жоба бойынша 6 өңірде 1975 үйдің  (219,3 мың шаршы метр) құрылысы басталды, 2017-2018 жылдары құрылыс аяқталатын болады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 164 үй (21,7 мың шаршы метр) пайдалануға берілді, оның ішінде 124-і - Ақтөбе облысында және 40 үй Қостанай облысында. Қалған үйлер осы жылы іске қосылатын болады.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі үшін кредиттік тұрғын үй салу» бойынша ЖАО-мен кредиттік үйлерден 9010 пәтерді (572,1 мың шаршы метр) іске қосты.

Анықтама:  9547 пәтер (597 мың шаршы метр) деп жоспарланған көлемнің 96%-ы орындалды.

Бағдарламаның осы бағыты бойынша ағымдағы жылы 134,5 млрд. теңге жалпы сомаға, оның ішінде 2017 жылғы 7 тамыздағы  Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамдарынан алынып қайта бөлінген 43,1 млрд. теңгеге, өңірлер  1,1 млн. шаршы метр тұрғын үйдің (18 779 пәтер) құрылысын жүргізіліп жатыр.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 7207 пәтерді (278,2 мың шаршы метр) іске қосты.

Анықтама: 6570 пәтер (389,6 мың шаршы метр)  жоспарланған, оның  109%-ы орындалды.

«Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктермен берілетін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің «Даму» КДҚ» АҚ 7% субсидиялайды. Бағдарламаның бұл бағыты 2017 жылғы 2-тоқсаннан бастап іске асырылып жатыр.

Жеке құрылыс салушыларды 15 млрд. теңгеге субсидиялаудың жылдық жоспарына орай әкімдіктердің қарамағындағы Өңірлік үйлестіруші кеңестерімен 38,9 млрд. теңге жалпы сомаға 29 жоба субсидиялауға мақұлданды (450 мың шаршы метр, оның ішінде 2018 жылы 50 мың шаршы метр іске қосылатын болады).

Құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау көрсеткіштері толық көлемде орындалды.

 «Халық үшін ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру» деген бағыт бойынша екінші деңгейдегі банктермен 16%-дан көп емес берілетін ипотека бойынша «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ жылдық 6%-дық мөлшерлемесін субсидиялайды.

Осылайша, соңғы тұтынушы үшін жылдық 10%-дан аспайды. Бағдарламаның бұл бағыты 2017 жылғы 2-тоқсаннан бастап іске асырылып жатыр.

Іске асырудың басынан бастап қарыз алушылардан 14,2 млрд. теңгеге субсидияланған қарыз алуға 1388 өтініш қабылданды, соның ішінде 1317 өтініш мақұлданды. 

***

 Азаматтық авиацияның одан әрі даму мәселелері туралы

Ұшулар қауіпсіздігі бойынша бүгін қазақстандық әуе компанияларынан Еуроодақ елдеріне ұшу бойынша барлық шектеулер алынып тасталған - қазіргі таңда 5 отандық әуе компаниясы (Эйр Астана, СКАТ, Комлюкс, КазЭйрДжет, Прайм Авиэйшн) Еуропаға ұшулар орындауға құқылы.

Әуе кемесінде қауіпсіздік жүйесін бағалаудың аса маңызды әрі объектвиті формаларының бірі Аудит ИКАО болып табылады. Мәселен, 2017 жылдың 22-30 қарашасы аралығында ИКАО комиссиясы авиациялық қауіпсіздік бойынша аудит жүргізді, ол әуежайлардың қауіпсіздік жүйесін кешенді тексеру түрінде өтті. Сараптамалық бағалау 480 мәселе бойынша жүргізіледі, ал 2009 жылы Аудит 299 мәселе  жүргізілді, бұл авиациялық қауіпсіздік мәселесінде ИКАО талаптарының күшейтілгенін білдіреді. Алдын ала бағалаулар бойынша ИКАО сарапшылары Қазақстанда ілгерілеудің бар екенін атап өтті, біз ИКАО рейтингінде көрсеткіштерді біршама жақсартамыз деп күтілуде. Ресми нәтижелер 2018 жылдың 1 ақпанынан қарай жарияланады.

Жалпы елімізде 53 әуе компаниясы жұмыс істейді - 20 әуе компаниясы коммерциялық әуе тасымалымен айналысады (оның ішінде жиі жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын 7 әуе компаниясы бар), 32 эксплуатант авиациялық жұмыс жүргізеді. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 913 бірлігі тіркелген, жыл сайын Қазақстанда әуе кемелерінің санының тұрақты өсімі байқалады.

Мәселен, Мемлекет басшысының АҚШ-қа жуырдағы сапары аясында отандық тасымалдаушылар 1,5 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға Boeing 787 Dreamliner (3 бірл.) және Boeing 737MAX (6 бірл.) әуе кемелерін сатып алуға келісімшарттар нақтыланып, жасалды.

Аталған жобаларды сәтті іске асыру үшін олардың кейбіреулерін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына қосу қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында саланы мемлекеттік реттеудің британдық үлгісіне көшу көзделген. Бұл білікті инспекторлардың болуы және ұшулар қауіпсіздігі бойынша  80% жету қойылған мақсатына қол жеткізу бойынша ИКАО талаптарына сай келуге мүмкіндік береді. ИКАО қорытындысына сәйкес, авиациялық әкімшілік инспекторларының саны қазіргі кездегіден екі есе көп болуы керек.

 Азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделі әлемде басқарудың аса озық формаларының бірі және ұшу қауіпсіздігі саласында бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ететін мемлекеттік корпорация болып табылады. Британдық агенттіктің штаттық саны 800 адамнан асады. Бұл мемлекеттік корпорация Ұлыбританияның азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыратын көлік департаментіне есеп береді. Мұндай құрылымның тиімділігінің көрсеткіші Ұлыбританияның ұшулар қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сай келуінің жоғары деңгейі болады - ол 93% артық (салыстыру үшін, орташа әлемдік деңгей - 63%, орташа еуропалық деңгей - 76%, Қазақстан - 74%).

Елбасы тапсырмасына сәйкес сала алдында 2020 жылға қарай транзиттік әуе жолаушыларының санын 1,6 млн. адамға дейін жеткізу міндеті тұр. Соңғы 8 жыл ішінде қазақстандық әуе компанияларының транзиттік жолаушыларының саны 30 еседен астамға өскен - жылына 20 мыңнан 620 мың жолаушыға дейін. Қазақстан арқылы транзитпен негізгі жолаушылар ағымы келесі бағыттар бойынша байқалады:

- Қытайдан Еуропаға, Түркияға, Ресейге, Украинаға;

- Еуропа мен Оңтүстік Корея арасына;

- Украинадан Өзбекстан мен Үндістанға;

- Қырғызстан мен Үндістан арасында;

- Түркия мен Өзбекстан арасында.

2017 жыл ішінде 620 мың транзиттік жолаушы тасымалданды, 2018 жылы - 900 мың транзиттік жолаушы тасымалданады деп күтілуде. Транзиттік әуе тасымалын дамыту мәселесі Жобалық кеңсе аясында іске асырылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Астананың ашық аспаны» пилоттық жобасы енгізілді, оның аясында шетелдік әуе тасымалдаушыларына Астана қаласына күн сайын рейстерді орындауға мүмкіндік берілді. 2017 жылдың басынан шетелдік және қазақстандық әуе компаниялары Астанадан Дели, Варшава, Хельсинки, Будапешт, Бейжің, Ереван, Киев, Батуми, Минералды сулар, Сиань 10 жаңа халықаралық әуе бағдарын ашты. Жекелеген әуе компаниялардың ұшуын бір-бірлеп тоқтату бәсекелестіктің артуымен, авиаотын бағасының жоғары болуымен, бағдарлық желіні оңтайландырумен байланысты.

2018 жылы қазақстандық әуе компаниялары Астанадан Тюмень, Краснодар, Вильнюс, Томбы, Челябі, Сочи, Батуми, Душанбеге рейстер ашуды жоспарлап отыр. Шетелдік әуе компаниялары (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига - Алматы, Дубаи - Алматы, Дубаи - Ақтау, Краснояр - Алматы, Мәскеу-Қызылорда рейстерін ашпақ.

Сонымен қатар пилоттық режімде Үкіметтің 2017 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен ЭКСПО-2017 өткізу кезінде қазақстандық әуе компанияларымен Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзитпен ұшқан ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді, ол жуырда 2018 жылдың соңына дейін созылды. Транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін ҚР МСМ бірлесіп Үндістан мен басқа да елдердің транзиттік азаматтары үшін осындай режімді енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Географиялық қолайлы орналасуының арқасында, Қазақстан сонымен қатар біздің әуе кеңістігімізде транзиттік әуе ұшуларын орындау үшін тартымды. Қазақстан аумағында барлығы 92 әуе трассасы бар, ұзындығы 84 166 км, онда тәулігіне 700-ден астам әуе кемелерінің ұшулары орындалады. Транзиттік ұшулардың негізгі бөлігі - 80% ел аумағында Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азияны қосатын 12 негізгі бағдар бойынша жүргізіледі. 

2017 жылы орындалған ұшақ-шақырымдар саны 301,3 млн., өсімі 5,9% құрады.

2017 жылы транзиттік әуе ұшуларының көлемі шамамен 175,2 млн. ұш/км құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштерден 4% артық (168,7 млн. ұш/км).

Қазақстанның әуе кеңістігінде әуе кемелеріне қызмет көрсетуді арттыру үшін маңызды мәселелердің бірі әскери полигондарды пайдалану тәртібін қайта қарастыру болып табылады. Осы мақсаттарда қорғаныс министрлігімен және сыртқы істер министрлігімен сынақ полигондарының жұмысы мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия қарауына тиісті ұсыныстар енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемесінің инфрақұрылымын жаңғырту іс жүзінде аяқталды - тәуелсіздік жылдары 15 ұшу-қону жолағы мен Қазақстан әуежайларының 11 терминалы реконструкцияланды.

Барлығы 2017 жылы ҚР әуежайлары 14,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 17% артық (12,2 млн. жолаушы).

Биыл «Нұрлы жол» орындау аясында Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталды, ол Астананы Орталық Азия аумағындағы хаб ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Терминал аумағы 47 000 м2. Жаңа терминалдың өткізу қабілеті - жылына 5 млн. адам (қолданыстағы терминал - 3,2 млн.адам), нәтижесінде жылына 8,2 млн. жолаушы немесе 2525 жолауш/сағ.

2017 жылы Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағының біріне реконструкция аяқталды. 2018 жылы Семей қаласындағы әуежайдың ҰҚЖ реконструкциялау аяқталады, Қостанай әуежайының ҰҚЖ реконструкциялау басталды. 2020 жылға дейін барлық әуежайларды жаңғырту аяқталады.

«Нұрлы жол» аясындағы басымдықтардың бірі шағын және аймақтық авиацияны дамыту болып табылады. Басты міндет - облыстар арасында тұрақты әуе қатынасын дамытып, ішкі туризмді дамыту және санитарлық және пошта тасымалын қамтамасыз ету.

ЖӘЖ аэродромдарын дамыту үшін қатты жабынды 5 аэродром мен топырақ жабынды 11 аэродром құрылысы мен реконструкциясы қарастырылып отыр. Жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын болады.

Әуе тасымалының артуына орай, саланы кадрлық қамту маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның азаматтық авиация саласында 20 000 адам жұмыс істейді.

Анықтама: 10 000 - әуежай қызметкерлері, 3 000 - жазғы құрам (330 - шетелдік ұшқыш), 2 000 - инженерлік-техникалық құрам, 650 авиадиспетчер, 4 350 - әуе компаниялары қызметкерлері, техникалық орталықтар, авиациялық оқу орталықтары.

Авиациялық мамандарды Азаматтық авиация академиясы, Академия жанындағы колледж бен 20 авиациялық оқу орталықтары әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар