Нұрлы жер: Рудныйда жетім балаларға пәтер берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының тұрғындарына мемлекеттік бағдарламамен салынған 60 пәтерлі екі көпқабатты үй тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





Айта кету керек, Рудныйда ел тәуелсіздігін алғаннан бастап тұңғыш рет көпқабатты үйлер тұрғындардың иелігіне беріліп отыр. Пәтер иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келді.

«Бүгін сіздер үшін өте қуанышты күн. Жаңа жыл қарсаңында 60 пәтерлі екі көпқабатты үйді тапсырып отырмыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған осы жалдамалы үйлердің сапасы өте жақсы. Заманауи құрылыс материалдары пайдаланылған», - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзінде.

Жалдамалы үйлердің 38 пәтері жетім балаларға берілді. Қалғандары кезекте тұрғандардың еншісіне тиді. Жалпы аталған тұрғын үйлерді салуға 868 млн теңге жұмсалды. Тағы 170 млн теңге инженерлік коммуникация жүргізуге қарастырылған.  

Соңғы жаңалықтар