«Нұрлы жер»: БҚО-да мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл облыста «Нұрлы жер» бағларламасы аясында 985 пәтерлік 7 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы)  БҚО филиалының директоры Айгүл Наурызәлиеваның мәлім еткеніндей, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар жүйесі бойынша 481 пәтерлік 4 несиелік және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бойынша 504 пәтерлік 3 үй салынды.

Биыл облыста 55 мың салымшы мемлекет сыйақысын алмақшы. Соның 18722-сі келісімшартқа 2017 жылы отырған.

Өңірд биыл 12,5 млрд теңге зайымдық қаржы алған 2505 азамат тұрмыстық жағдайларын жақсартты.

Банк «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруды жаңа жылда да жалғастырады. Жеке құрылыс жүргізушілерді ынталандыру арқылы алдағы жылы 173 тұрғын баспанаға қол жеткізбек. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қаз-Хол» ЖШС және «Караванный путь» ЖШС арасында қол қойылған келісімдерге сәйкес Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі, 198-мекенжайында 9 қабатты және Гагарин көшесі, 2-мекенжайы бойынша 126 пәтерлік үйдің құрылысы жүруде. Бұл үйлерді 2018 жылдың тамызында пайдалануға беру көзделуде.

Сол секілді жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында облыс орталығына жақын орналасқан Теректі ауданы Тоқпай, Федоров, Зеленов ауданы Переметный және Дариян ауылдарында үйлер бір сәулеттік нұсқада салынбақшы.

Банктің «Өз үйім» атты өз бағдарламасы да аймақта сәтті жүріп жатыр. Аталған жобаның аясында 2018 жылы БҚО ІІД қызметкерлері баспаналы болады. Оған қоса Оралдың Солтүстік-шығыс бөлігінде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ мен «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері үшін 9 қабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл ұйымдарда істейтін қызметкерлердің жалпы саны 800-ден асады. Олардың көпшілігі - баспаналы боламын деп ақша жинап жатқан банк салымшылары.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жаңа жылдан бастап әскери қызметкерлерге арналған жобаны жүзеге асырмақшы. Бұған дейін «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес тұрғын үйді қажет ететін әскери қызметкерлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда) және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғын үй жалдағандары үшін мақсатты өтемақы алатын еді. Келесі жылдан бастап әскери қызметкерлер дәл осы тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы баспаналы бола алады. Жаңа үлгі қай жағынан алса да, өте тиімді.

Брифингке қатысқан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Антазиевтің  айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Күні бүгін облыста 18 көп пәтерлі және 188 бір қабатты тұрғын үйлер салынуда. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздерінен 15 млрд теңге бөлінген. Жыл аяғына дейін 10 көп пәтерлі тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда (9 үй Оралда, біреуі Ақсай қаласында). Сондай-ақ ауылдық жерде 113 бір қабатты үй иелеріне тапсырылады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу жоспары 278,1 мың шарты метр болса, бұл меже қазірдің өзінде 300 мың шаршы метрден асып, 36 пайызға артық орындалып отыр. 2018 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған 14 үйдің құрылысы басталады», - деді Ә.Антазиев.

Соңғы жаңалықтар