«Нұрлы жер»: Ауылда тұратын ақтөбеліктер қаладан пәтер алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы тұрғын үй қолданысқа берілді. Тоғыз қабатты үйдің алғашқы 19 қоныстанушысын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының «тұрғын үй құрылысы кезінде жеке компанияларды ынталандыру» бағыты бойынша салынған алғашқы үй пайдалануға берілді. Екінші деңгейлі банктен несие алып, кейін пайыздық үстемеақының 7 пайызын субсидиялаған компания пәтерлерді қолжетімді бағамен сатып, тапсырды.   

null 

«Жыл басынан бері өңірде 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл аумағы 630 мың шаршы метр болатын мыңдаған пәтердің кілті тапсырылады. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы кезекте тұрған, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына пәтер алу мүмкіндігі артты. «Нұр Ақтөбе» ауданында 300-ден астам үй салынып жатыр. Елімізде алғашқы болып мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапқан «Соллерес» компаниясы құрылыс жұмыстары кезінде екінші деңгейлі банктен 400 миллион теңге алды. Оның 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланды. Бұл құрылыс компаниясына үлкен көмек. Қазіргі күні 54 пәтерлі тұрғын үйдің тең жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілді»,- деді Бердібек Сапарбаев.

null

Банк салымшылары үшін пәтердің әр шаршы метрі 140 мың теңгеге есептелген. Үзбей ақша жинаған ақтөбеліктер ауылда тұрып, қаладан пәтер алып жатыр.

«Банкке 7 жылдан бері ақша жинап жүрміз. Бүгін екі бөлмелі пәтер алдық. Күйеуім мұғалім, өзім медбикемін. Қазіргі күні екі баламыз бар. Ақтөбенің Ырғыз ауданында тұрамыз. Баспаналы болғанымызға қуаныштымыз»,- деді  Ақгүл Сарина.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының 74 мыңға жуық тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болып табылады. Қазіргі уақытта тұрғын үй қорын есепке алу секторында 14 мыңнан астам адам баспана кезігінде, 140 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар