Нұрлан Смағұлов балалар ауылына су жаңа үш көлік сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күнінде танымал кəсіпкер, "Астана Моторс" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Астанадағы "SOS балалар ауылының" тəрбиеленушілеріне үлкен сыйлық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар ауылына арналған үш көліктің кілтін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен Нұрлан Смағұловтың өзі табыс етті.
null  

"Осыдан тура 20 жыл бұрын осы балалар ауылының ашылуында болған едім. Жылдар бойы Сара Алпысқызының осы идеясының жемісін көріп келемін. Жиырма жыл бұрын жас болған шығармын, бірақ, дəл бүгінгідей толқыған болатынмын. Мейірім мен қамқорлықтың дəстүрі сақталып келе жатқанына қатты қуаныштымын. Біздің компаниямыздың құрылғанына 25 жыл болды. Бүгін "алғыс айту" күнінде Астана, Алматы, Теміртау қалаларындағы үш балалар үйіне азын-аулақ сыйымыз - үш көлікті сыйға тарттық", - деді балалар ауылына сыйлық табыс еткен Нұрлан Смағұлов.

Үнемі табиғат аясына шығып, мəдени-ағартуға бағытталған мерекелік шараға қатысатын балалар мен тəрбиешілер үшін жайлы көліктің қандай маңызды екенін ескерген "Астана моторс" компаниясының президенті əрқайсысы 8 орындық үш Hyuandai H1маркалы көлігін сыйлады.
null  

Халықаралық SOS жобасы біздің елде Сара Алпысқызы Назарбаеваның ниетінің арқасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ашылған. Биыл "SOS Қазақстанның балалар ауылдары" корпоративтік қоры 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қазір Қазақстанның үш қаласындағы, атап айтсақ, Астана, Алматы жəне Теміртау қалаларындағы үш  балалар ауылында 340 бала тəрбие алып жатыр. Айта кетейік, үш көлік осы үш қаладағы ауылдарға бөлініп берілді.

Жалпы, "SOS балалар ауылы" дегеніміз - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өте ерекше жағдайда, жылуға толы үйдің мейірімін сездіре отырып тəрбиелеу деген сөз.

Соңғы жаңалықтар