Нұрлан Өнербаевтың «Жүректегі көктем» атты ән кеші өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні елордадағы «ЭКСПО Конгресс» орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, актер Нұрлан Өнербаевтың «Жүректегі көктем» атты ән кеші өтеді. Ән кеші Астананың 20 жылдығына арналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, 2011 жылы елордада Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші, ал 2016 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Ауылға сағыныш» деген атаумен концерті өткен болатын. Жалпы, әнші 2011 жылдан бері Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақ қандастарымызды аралап, еліміздің бірнеше аймақтарында өнер көрсетті. Ал Алматыдағы ең соңғы шығармашылық кеші 2017 жылдың 24 қарашасында Республика сарайында «Сағыныш» деген атаумен ұйымдастырылды.

Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан басталды. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды.

Соңғы жаңалықтар