Нұрлан Өнербаев қазақтың ақжаулықты аналарына тағзым етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «ЭКСПО Конгресс» орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, актер Нұрлан Өнербаевтың «Жүректегі көктем» атты ән кеші өтті. Ән кеші Астананың 20 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Астананың төрінде қаншама өнер кеші өтеді. Өйткені, биыл біздің елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы, құтты болсын ағайын! Міне, осы мерекенің алғашқысы көктемде жадырап, бәрімізді қуантып келген аналарымыздың мерекесі», - деді ән кеші барысында Нұрлан Өнербаев.
null

Сонымен қатар ол ән кешіне жиналған барлық қауымды аналарымызды аялап, ақ сүт бергені үшін, мейірімі, махаббаты үшін тағы да бір рет тағзым етуге шақырып,  кезекті әнін аналарға арнады.
null

«Қазір тыңдайтын әндеріңіз менің бүгінгі кешімнің өзекті әні болмақ. Бұған дейін мен қаншама ана туралы ән айттым. Алайда бұл әнімнің орны бөлек. Өйткені, бұл әнді өзімнің анама арнағым келеді. Анам арқылы бүкіл қазақтың ақжаулықты аналарына тағзымым деп қабыл алыңыздар», - деген ол «Жалғандағы жалғызымсың ана» деп аталатын әнді орындады.
null

Сонымен қатар, Нұрлан Өнербаев қазақ тарихында ерлермен қатар атқа мініп, елімізді, жерімізді қорғаған арулардың да аз болмағандығын баса айта келе «Мен қазақтың қыздарына қайран қалам» деп аталатын халықтың арасында кеңінен тараған туындысын орындады.
null

Айта кетерлігі, 2011 жылы елордада Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші, ал 2016 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Ауылға сағыныш» деген атаумен концерті өткен болатын. Жалпы, әнші 2011 жылдан бері Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақ қандастарымызды аралап, еліміздің бірнеше аймақтарында өнер көрсетті. Ал Алматыдағы ең соңғы шығармашылық кеші 2017 жылдың 24 қарашасында Республика сарайында «Сағыныш» деген атаумен ұйымдастырылды.
null
null
null

Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан басталды. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды.
null
nullnull

Соңғы жаңалықтар