Нұрлан Нығматулин өзінің денсаулығы жайында айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер қауымы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннен оның денсаулығы жайында сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы жақсы. Сіздерге де мықты денсаулық тілеймін. Осы орайда жағдайымды сұрағандарыңыз үшін үлкен алғысымды жеткізгім келеді»,- деді Нұрлан Нығматулин журналистерге қаратып.

Сонымен қатар тілшілер: «Жұмысты сағындыңыз ба?» деген сауал қойды.

Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы ем-дом қабылдағаннан кейін Парламенттегі қызметіне оралуға асыққаннын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай ,Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне  Астана қаласындағы Республикалық кардиологиялық орталықта ота жасалды. 

Соңғы жаңалықтар