Нұрлан Ноғаев: Жас ұрпақ өз ұлттық ойындарын білуі қажет

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскелең ұрпақ өз ұлттық ойындарын білуі маңызды екеніне сенімдімін, деді Астанада өткен ат жарысы барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Атырау облысының күндері аясында ат жарысы өткен. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, 16-20 шілде аралығында мәдениет күндері бағдарламасын өткізу уақытында Атырау өңірінен келген ұйымдастырушылар өлкенің жетістігі, оның өткені мен тұрғындары мақтан тұтатын  қазіргі ерекшеліктерін көрсете алды.

1 

 -  Қазақстан астанасында ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу - елдің ең ауқымды жетістіктерінің бірі, бұл Мемлекет басшысының орасан еңбегі. Өскелең ұрпақ өз ұлттық ойындарын білуі маңызды. Сондықтан да мәдениет күндерін бәйге жарысымен аяқтауды жөн санадық», - деді әкім Нұрлан Ноғаев

Еске салсақ, қатысушылар үш тәртіпте жарысқа түсті. 5 шақырым - жорға жарыс, 7 шақырым - құнан бәйге, 21 шақырым - аламан бәйге.  Қазақстанның әр облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан 3 тұлпардан қатысты. Атырау облысы жарыс иесі ретінде 9 жүйрігін қоса алды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Астана әкімі Әсет Исекешов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеңімпаздарға медаль, диплом, ақшалай жүлделер табыстады.

2 

Аламан бәйгеге 62 тұлпар қатысты. Мәреге алматылық Дияс Жұмаш бірінші болып жетті. Оның «Тосқын» атты сәйгүлігі 2014 жылдан бері жарысқа қатысып келеді. Биыл 6 жүлделі орын иеленген. Баланың әкесінің айтуынша, ұлы әр кез бірінші болып келеді. Н. Ноғаев жеңімпазға 13 млн теңгенің сертификатын тапсырды. Екінші орын астаналық Ербол Замудинге бұйырды - 7 млн теңге. Үшінші орынды павлодардық Ибрагим Бөбекбай алды   (5 млн теңге).

4-ші және 5-ші келгендерге 2 млн теңгеден берілді. Жүлде қоры демеушілер қаражатынан жиналғанын атап өткен жөн. 5 шақырымға дейін қашықтықта Айхан Төлегенов жеңіске жетсе, құнан бәйгеде Жолаушы Ділмұхамет бірінші келді.

«Номад» тобының театрландырылған көрінісі кештің көркін кіргізді, онда каскадерлар өнер көсретті. Ұлттық бәйге жарысы, қыз қуу, садақ ату, т.б. көрсетілімдер қойылды.

 3 4 5 6 

Соңғы жаңалықтар