Нұрлан Ноғаев: ТКШ саласындағы жұмыс ақаусыз болуы керек

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін,17 қаңтарда Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы жылу маусымының барысы жайлы жиналыс өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұмыс сапарында облыс әкімі Жылыой ауданындағы нысандармен танысты.

2017 жылы ауданда 7367 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді, олар 16843 адамды жұмыс орнымен қамтып отыр.

2017-2018 оқу жылында 1-4 сыныптарда оқитын 8735 оқушы және аз қамтылған отбасылардың 900 баласы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

null 

Ауданда ауыл шаруашылығы бағытындағы бір ЖШС, 240 шаруа қожалығы бар.

Ірі сауда нүктелерінде 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасына мониторинг үнемі жүргізіліп отырады.

Аймақ басшысы жедел бақылау орталығының құрылысын аралап көрді. 2017 жылдың маусымында құрылысы басталған нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі. Ол Құлсары қаласындағы криминогендік ахуалдың жақсаруына оң ықпал етеді.

null 

Сонымен қатар Жылыой ауданына жұмыс сапарында облыс әкімі 2017-2018 жылғы жылыту маусымына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты жиналыс өткізді.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев баяндағандай, облыста 396 білім беру нысаны, 158 денсаулық сақтау, 281 әлеуметтік және 1064 көппәтерлі тұрғын үй, қуаты сағатына 100 Гкал 1183 жылу қазандығы, 519,7 км жылу желісі, 3223,1 км сумен жабдықтау желісі,436,5 кәріз желісі жылыту маусымына дайындалған.

Нұрлан Ноғаев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында бақылауды күшейту керектігін айтты.

null 

-Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыс жүйелі және ешқандай ақаусыз болуы тиіс,-деді аймақ басшысы. -Осы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылға дайындықты бастау керек. Жылыту маусымы талапқа сай болуы тиіс, осыны барлық жауапты адамдарға ескертемін.

Облыс әкімі сапар барысында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдап, Жылыой ауданы әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының жылдық есеп беру жиынына қатысты.

null
null null null 

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар