Нұрлан Ноғаев мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәдениет және өнер қызметкерлерін бүгінгі төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында өткен салтанатты шарада облыс әкімі мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше бағалайтынын айтты.

- Егер адамның тәнін дәрігерлер емдейтін болса, жанына сіздер дәрусіздер. Адамның ішкі тұғырының биік болуына, өмірде кездесетін өтпелі қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениетті азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз зор, - деді аймақ басшысы

Шара кезінде мәдениет және өнер саласында еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, салада қызмет етіп жүрген мамандар алғыс хаттарға ие болды.

null

Соңғы жаңалықтар